Орынсыз қолқа салды; осал тұсына қолын батырды.
~ Қали кеңкілдеп күліп тұрып-ақ буынсыз жерден пышақ ұрып еді. Алшағыр от басқандай ыршып түсті. М.Қаб. ~ Буынсыз жерге пышақ ұрма, – деді директор әскери қатқыл үнге көшіп. – Онсыз да осының, өзі аз қылмыс емес. Экзамен тапсырмаған балаға куәлік беріп… Тексеру шықса не болады?! Ш.Мұр. ~ Жүзтайлақ. Күйіп кеткірдің зілдісін… Тілімді қайрайын деп пе едің? Мөржан. Буынсыз жерге пышақ салған соң қайтейін… М.Әу.
