Posted in

БҮЙРЕГІ БҰРДЫ

Әлдекімге (әлденеге) көңілі ауды, жаны ашыды; іш тартты. ~ Қызметке адам сайласа, елге кісі жіберілсе, елден шығын жиылса, өз еліне, өз тұқымына бүйрегі бұрып отырар еді. Бірақ ол бұрғанын өмірі сездірмей, еппен іс қылар еді. Ж.Айм. ~ Бұрын түсінде де көрмеген ағайынға бүйрегі онша бұра қойған жоқ. Қ.Ысқ. ~ Осы әйелге бұл да іш тартып, әлденеге бүйрегі бұрып тұратын. О.Сәрс. ~ Жаны ашып, жақын тартты; іш тартты. ~ Бір қызығы Сәбең де араға тұп-тура бір ғасыр салып, Шоқан­ның сапар жолын қайталай басып өтті. Кеңестік империяның шеңберінде жүрседе қандастарына «бүйрек бұрып», Шоқанның кемтігін толтыруды іштей армандағанымен «кеңістік­тен» шыға алмады. Ж.Шәк. ~ Бір қызығы Сәбең де араға тұп-тура бір ғасыр салып, Шоқан­ның сапар жолын қайталай басып өтті. Кеңестік империяның шеңберінде жүрседе қандастарына «бүйрек бұрып», Шоқанның кемтігін толтыруды іштей армандағанымен «кеңістік­тен» шыға алмады. Ж.Шәк.