Posted in

БҰҒАЛЫҚ ТАСТАДЫ

Ырықсыз кеткенді тиды; асауға, қашағанға бұғалық салды. ~ ~ Ақталдың ең үлкен байы сенсің, онсыз да кеңес өкіметіне сендер сүйкімді жан емессің, біліп қой, бұл құрытты ұзын өкімет. Не асауға, нелер алып қашпаға бұталық тастаса, бұлжытпай түсіреді. М.Әу. ~ Сырттағы аттан – сүрен үдеп кетті. Біріне бұғалық тастап, енді бірін қайырып ұстап, бұл кезде Жауынбайлар жиырма, отыздай атты жетектеп оралып еді. С.Смат. Ол Абайды мұсылманшылдық дін жағынан, түп қазығынан сынайды. Тығырыққа қамай соқтыққан тәрізді. Бүгін болып жатқан даудың анық терең тамырын ұстап алып, сол жерден бұғалық тастамақ сияқты. М.Әуез. Тәсібек өз шамасы жеткенше жан аямай айқасып жүрген еді. Ат үстіндегі Жоламанға бұғалық тастаған жігітті байқап қалып, әлгіге қарай тұра жүгірді. С.Смат.