Posted in

БҰҒАНАСЫ ҚАТПАҒАН

Тәжірибесі жоқ, буыны бекімеген, қиындыққа төселмеген жас. * Ерте күннен жортуылға аттанып, Уақтың көп батырларының арасында бұғанасы қатпағандығына қарамай, талай қиын-қыстауда ақыл тауып, қажымай қайрат, ерлік көрсеткен. М.Әуез. ~ Ерте күннен жортуылға аттанып, Уақтың көп батырларының арасында бұғанасы қатпағандығына қарамай, талай қиын-қыстауда ақыл тауып, қажымай қайрат, ерлік көрсеткен. М.Әу. * Нағашы атасы бұғанасы қатпаған баланы таңғы сағат алтыда тұрғызады. БАҚ * Дүниеде бойың өспей, бұғанаң қатпай тұрып, туған анаң өлмесін. Ж.Айм.