Жақтырмай, көзін аларта, сүзе қарады. ~ Тоқтамай жүріп келе жатырмын. Бұйырған нәсіпті теріп жеп, жүрек жалғап алам да, бет алды құла түзге тарта бердім. М.Әбд. * Енді сол шіркін бұған бұқа көздене қарап, темір толған аузынан түкірік шаша сөйлеп, бұйрық айтты … Ә.Тар. * Өліспей берісер емес. Бұқа көзденіп шегінісе беріп, мүйіздерін нысанаға келтіріп алады да, бір- біріне қарсы атылған оқтай ұмтылады. С.Елу. ~ Қара сұр жалпақ бетi желiндеп қабарып алған. “Байқа, мiне ендi бiздiң күнiмiз туды” дегендей, бұқа көзденiп, қабақ астынан сүзе қарайды. Т.Сәу.
