Не істесең де мейлі, маған бәрібір д.м. * Ешкім жауап қатпады. «Қайта қақ әйнекті», – деп арқамды төседім. «Осы жолы қипақтап құлатсаң, айтпады деме, бұл болмасаң күл бол, бір түкіріп, үйге тартам». О.Бөк. ~ Екі немере ағасының ыңғайымен Болат – манжы да өзінше ақыл– кеңес айтқансып, баланы көндіре алмаған соң, қолын бір сермеп кейін сырғыды. “Пұл болмасаң, күл бол. Саған сөз өтпес саппас екенсің” деп күбірлеген сөзінің соңын жұтып жіберді. С.См. ~ Әрине, бөтен біреу болса, Арман оның екі туып бір қалғаны емес, жәрдемін одан аяған жоқ, мейлі енді пұл болмаса, күл болсын деп қолын бір – ақ сілтеп жайына кетер еді. Ал Ахметқали өйте алмады. І.Ес.
