Posted in

БҰЛАН-ТАЛАН БОЛДЫ

Ашуға мінді, ~ Күншілдердің күні қараң! – дейді біздің Әлжаппар, Соны айтқанда бұлан-талан болуында бір гәп бар!” Қ.Аманж. ~ «Немене, менің юбилейіме келгенде журналдың беті жұтап қалып па? Бұл журналдағылардың сені емес, мені менсінбегені ғой. Дүние жүзіне атағымыз шықса да, өстіп ағайынның аузына ілінбейтініміз, көзіне түспейтініміз бар…» деп бұлан-талан болар еді. Баукең өйткен жоқ. Ә.Нұрш. ~ Әй, мама-ай! Соны да байқамайсың ба? Бұлан-талан боп жүргенінде әжемнің кейпіне бір рет назар аударшы, қандай халде отырар екен… Жо, жоқ.. Мамам ашуланғанда өзін де, өзгені де ұмытады. М.Мақ. ~ Бірде Мұңлық күйеуін басқа бір қызбен жатқан жерінен ұстап алды. Сүйген адамынан опасыздық күтпеген ол бұлан – таланы шығып қатты назаланды. Н.Сер.