Posted in

БҰЛАҢ БЕРДІ

а) Cан құбылды. ~ Абай мен Ербол тез келмек боп бұрыла берді. Ақжал ат бұған шейін шыдамсызданып, оң аяғымен жер тарпып, тізгінін соза түсіп, қозғалақтап тұр еді. Қазір де бір рет көлбең етіп, бұлаң берді, де, сумаңдай жөнелді. М.Әу. ~ Кешегі күн сені «жау» деп, Жігітекті айдап салып, тал түсте қосынды талатқан Оразбайдың дұспаны сен едің. Бүгін бұлаң беріп, бұлтаққа түсіпсің ғой? Осыныңның сырын айтшы? М.Әу.
ә) Жалт етіп бұрылып кетті. ~ Сонан кейін бұл тіпті бойын билей алмай шайқалақтаған машинамен бірге шайқалып, іле-шала екінші жағына қарай жығыла бергенде жаңағы сауыс-сауыс нәрсе көз алдынан тағы бір бұлаң берді. Ә.Нұрп.