Posted in

БҰРАЛҚЫ ИТТЕЙ БҰЛАҢДАДЫ (БҰРАЛДЫ, БҮРІСТІ)

Жарамсақтанып, жылпың қақты. ~ Қарабақ! Жүрген жері от қой! От! От емес, бір өрт! Қайнағаның алдында бөксесін олай бір тастап, былай бір тастап бұралқы иттей бұлаңдауы жаман еді. М.Қан. ~ Күздің қара суығында бұралқы иттей бұралып ауылға әрең жеткен елшілерін көргенде Сәмеке көрге тірілей кіргендей болды… Ә.Кек. ~ Баранов нақ бір аштықтан бұралып өлгелі тұрған бұралқы иттей бүрісіп кетті. Ә.Әб.