Сұлу мүсінді, талдырмаш, қыпша бел әйелдің сипаты. ~ Б а з а р б а й. Қаланың музыкасы, бұраң белі, Билесең бұраңдатып бұрар сені. Қызбайтын сол думанға қандай жүрек?! Қызықтың сол емес пе тұрар жері! Ж.Айм. ~ Гойяның биік төсекте шалқалай сұлап, топ-томпақ қос анары қызықтыра көз тартып, өзіне маужырай қараған бұраң бел, жалаңаш Махасын көргендей тамсандым. Ә.Нұрш.
