Posted in

БҰТЫ БІР (БЕС) ТИЫН

Түк құны жоқ. * “Мұндай мәстек бізде сасып жатыр, берсең Кердөненді бер, бермесең, маған мұндай жабының бұты бір-ақ тиын”, – деп үйге қайта кірдім. В.Шал. ~ Уамай-балалар-ау, сол радионың маған бұты бір тиын, сол үшін ауыз ауыртпай-ақ қойыңдар, — деді Тайжан әңгімеге килігіп. З.Шаш. ~ Он бес күнде комитетті қайта сайламақ болды. Біз тарқадық… Енді сол күннен кейін халыққа «комитеттің бұты бес тиын да болмай қалды. Тиындай да қадірі қалмады». С.Сей. ~ Ә, Ағайша ше? Таста оны, жан мұрнының ұшына келгенде ондай аяққа оралғы масылдың бұты бес тиын… Бірақ оның да жинаған қыруар дүниесі бар емес пе? Амалын тауып оны да қымқыра кетсе!..» C.Жүн. ~ Өзін институт чемпионы деп естігем. Беттен ет жасайтын боксер деседі. Деген Әшір. Өзі беттен ет жасап жүргені жайлы ауыз ашпайды. Ауыз ашса, кеуде соғып мақтанса деп тілеймін іштей. Сонда; «Е, ыздиғаныңыздың бұты бес тиын, жігіт. Кәдімгі көп көпірменің бірі екенсіз. Сіз де кемшіліктен құр алақан қалмапсыз. Жамал сияқты қыздар оныңызды білсе ғой…» деп ойлар едім. М.Қаб.