Posted in

ҒАЙЫПҚА АЙНАЛДЫ

Жоқ боп кетті. * Өткендегі барлық көлеңке ғайыпқа айналды, сағыныш сыздатқан мұңды түстер де жоғалды. Тіленсем де қайтып көре алмаспын деймін. М.Мағ. . * Жылына бір рет – өзі аңдаусыз, оқыс қазаға ұшыраған қаңтар айының он жетісі күні, кешкі алакөлеңкеде, Кунсткамераның астыңғы, қоймалы бөлігінде елес- сүлдесі көзге көрінеді, қақпағы жарылып сынған шыны текше ішінде, сасық формалинге сусындап жатқан өзінің кесік басына телміре қарап, үнсіз, тілсіз, сөлбірейіп азғана тұрады, содан соң ғайыпқа айналады, бірақ ешқайда кеткен жоқ. М.Мағ. * Бүгiн қала шетiнде жүрiп тағы да сол елестi көрдiм. Ол әдеттегiдей ғайыпқа да айналмады, жеткiзбедi де, шашын иығына жайған қалпы жүрдi де отырды. Т.Жұрт