Тосыннан, күтпеген жерден. * Алайда аспандағы айдың ғайыптан тайып жерге түскеніндей тамылжыған жаратылыстың жанында отыруы, жай ғана отырмастан, үнсіз күйде тіл қатысып, сыр бөлісе бастауы ауырлық езіп, азап жаншып жүретін жан әлеміне желеміктеу жеңілдік әкелген. М.Байғ. * Уақытша үкімет құлағаннан кейінгі аумалы-төкпелі заманда ел билеп қалуға құмартқан есек-дәмелілер көбейіп жатыр. Ғайыптан тайып басына бақ қонып, бір түнде Юлий Цезарь боп шығуды аңсамай жүрген кемде-кем. Ә.Нұрп. * … өзегі өртеніп өзінің сүйікті Айжанын ойлаумен болды. Тіпті бір ғажайып күні ғайыптан тайып, оны бір жерден кездестірсем деп те армандады. С.Ом. * Суретшімін. Манағы жіберген қағазымды дүниеде осындай сұлу қыздың (ол Бағила жаққа қарады) — бар екеніне риза боп, ғайыптан-тайып мұнда келе қалғандарыңыз үшін сіздерге рақмет айтып едім. Д.Ис.
