Posted in

ҒАРЫП МҮСКІН (МҮСКІН ҒАРЫП)

Бейшара, байғұс, мүсәпір адам. * Арамнан мал жиып, Қайыр, зекет бермейді. Ғарып мүскін кездессе, Көзін жұмып көрмейді. М.Дул. * Жанды-жансыз барша дүниенің бар дерті, барша арман-мұраты осы сәтте «су» деген жалғыз есімге ұйлыға топырлап, жасағанға жалбарынып тілек еткен қорғансыздың, мүскін ғарыптың жан даусы болып күңіренді. Ғ.Біл.