Posted in

ҒАШЫҚ КӨЗ

Махаббатқа, сүйіспеншілікке, сүйсініске толы жанар. * Қазақ поэзиясының алыптары бұл атырапқа ежелден ғашық көзбен тебірене, емірене қараған … З.Қаб. * Абайға, Абай ауылына ғұмыр бойы ғашық көзбен қараған Мұхтар Ұлы ақынның немересі – Мағауия қызы Кəмила сұлуды сүйеді, Кəмила да бұған біржола құлай беріледі, сөйтіп, екеуінің «Лəйлі – Мəжнүндігі» бүкіл аймаққа əшкере оқшау оқиғаға айналады. З.Қаб. ~ Ашық болса көк аспан, ашықпын мен, Қуаныштан теңіздей тасып, күлгем. Бақытыма бақытты жыр арнадым, Ғашық көзбен, осынау ғашық тілмен. Қ.Бұғ. ~ Кешіріңдер жазылмаған сөзімді, Өзімді де əлі аман. Кешіріңдер менің ғашық көзімді – Өздеріңе қараған… Г.Сал.