Posted in

ҒАШЫҚТЫҚ ДАСТАН (ЖЫР, ӨЛЕҢ)

Махаббат тақырыбындағы поэтиякалық туынды. * Сегіз сері бірнеше қисса – дастан, жүздеген өлең, ән, күй шығарса, оның Жанқиса, Шынияз, Өске, Орынбай, Көшен, Арыстанбай, Шөже сияқты замандас ақындары, Біржан сал, Шәрке сал, Өтеулі, Байеке, Нұркей, Мергенбай, Көрпе, Тоғжан сияқты шәкірт ақындары ол туралы «Мақпал — Сегіз» атты (жиырма вариантты) ғашықтық дастан жырлаған. Н.Әбут. * Жаман- жақсы болсын, үш күйеудің басына су құйыппыз. Сонда махаббат отына күймегенде, шошқа тағалап жүрді дейсің бе? Ғашықтық жырларды соңыра кездесуге сақтап отырмын. Қ.Жұм. * … домбыраның күмбірлеген майда қоңыр үніне қосылып жырлаған ғажайып ғашықтық жырын ұзақ елтіп, балқып тыңдап өскендіктен мен қазақ топырағында Кыз Жібектен асқан ару жоқ жəне болмайды деп білуші едім. З.Қаб. ~ Аңдар да бүркітке оңайлықпен алдыра қоймайды. Олар орманның, таудың қуысы сияқты тасаға паналауға тырысады. Қазақтың ғашықтық өлеңінде, жігіттердің: Аспанда мен бір бүркіт қыран-дағы, Қыздар-ау, сендер түлкі сырандағы, Қиялап, қия шыңда жүрсең-дағы, Қиғаштап қанатымды бұрам-дағы,— деп өздерін қыран бүркітке теңейтіні сондықтан. С.Мұқ.