Posted in

ҒАШЫҚТЫҚ СЕЗІМ

Жүрекке ұялаған махаббат, ынтызарлық, сүйіспеншілік. * Арақты қойғалы бері осындай әдет тауып алды. Әлде арақты қойғызуға әнге деген ғашықтық сезім себеп болды ма, а?! Қ.Жиен. * Ер жігіттің ғашықтық сезімнен арылуы, көк темірдің суарылып, құрышқа айналуымен тең. І.Ес. * Құдды бір ертең үйлендіргелі жатқандай бұл да бұлқан–талқан болады. Ол кезде ғашықтық сезім дегенді бұл қайдан білсін. Осы жаққа жүрерде апасы аузынан тастамайтын сол Гүлнарды да көруге асыққаны рас. М.Мұқ.