Posted in

ҒИБАДАТ ЕТТІ (ҚЫЛДЫ)

Құдайға құлшылық қылды. * Сол қалаға жақын маңайда бір асқан ақылды тақуа адам бар еді, тастың үңгірін үй қылып, уақытымен ғибадатын етіп, ағаш егіп жатушы еді. Шәк. * Мешітіңнен иман исі шыға ма десем, қабір исі шығады. Милләтің ғибадат етіп жүзін бұрар сырлы михрабыңды қанмен бояған екенсің. С.Жүніс. * Керуен жол қасынан кесіп өткен, Осы жерді әулие бесік еткен. Мұсылмандар ғибрат етуші еді, Мұндар-тірлік мұқалтып, ескі кеткен. М.Мақ.