Posted in

ДАМЫЛ ТАППАДЫ (ТАПТЫ)

Тыныштық көрмеді, бел жазбады. ~ Сорлы Күлше дамыл таппай күн астына қарады. Қараудан да қамықты. Ж.Айм. * Үлкен ағаш үйдің қораға шығатын кең есігіне қарсы кішілеу асүй бар еді. Соның есігі дамыл таппай ашылып-жабылып жатыр екен. М.Әуез.

Тыныстады. * Бәлкім, ол Қаратал-Қызыларайдың қатпар жонында дамыл тапқан балауса балалығымыз шығар?! Кім білген?!. С.Сағ.