Posted in

ДАРДАЙ БОЛДЫ

А) Өсті, есейіп қалды. ~ Дардай жігіт болып қалған үш ұлы не істерін білмей өре тұра келіп еді, Еменалы: «Шығыңдар!» — деді балаларына. Ғ.Мүс . ~ Әлима да дардай боп кішкентайларынан қымсынбай мойнына асылып, құшақтап жатқаны. С.Жүніс.
Ә) Дабырайды, даңқы жайылды. ~ Ел ішінде атымыз дардай болса да, мынадай іске келгенде қолымыздан ештеме келмейтін бейбақ екенбіз, – деп налыды. С.Жүніс.