Ханның, сұлтанның, биді, төренің алдында соңғы өтініш айту, сөз сұрау дәстүрі. ~ Дегенде «дат, тақсыр! » деп қыз жүгінді, Сылдырап шолпылары тез бүгілді. – Датыңды айт! – деп Абылай рұқсат берді, Ел болмас қыздың сиқы тез білінді. “Жәнібек батыр”. ~ Менің қаныма жерік болсаң ішерсің әлі–ақ, сәл шыдай тұр, – деді. Сөйтті де Кенесарыға тағы да қарады. – Дат, тақсыр! Бас кеспек болғанмен, тіл кеспек жоқ деген. Төре, бір ауыз сөзге мұрша бер. І.Ес.
