Posted in

ДАУ ИЕСІ

Біреудің үстінен арыз беріп, әділдік іздеген адам. ~ Қазақтың «істің ағы білмейді, жігіттің бағы біледі» деуі содан. Бұл «қай жағының биі алғыр болса, сол жағының дау иесі де үстем боп, жеңіп шығады» деген мағынада айтылады. С.Мұқ. ~ Айыптының жүзі төмен ғой, ауыл адамдары Темір елінен келген жігіттерді жүгіріп жүріп күтіпті. Аяғының ұшымен кіріп, қаңбақша қалқып, дамыл алмай дастарқан тасыпты. Бәрі де мал иесі қуғыншылар мен дау иесі — билердің алдына шала жүгініп қызмет көрсетіпті. Мейлінше егіл–тегіл шашылады. Б.Мом. ~ Бұрын қолдың алдын бермейтін шектілер бұл жолы алдарына дау иесі жетіру мен сауын айтқан кетелерді салыпты. Қай тарапқа шығарларын білмей көп толғанғандықтан ба екен, баяғысындай айбынды емес. Ә.Кек. ~ Талайдан бергі тартыс, іштей толқу мен сапырылысқан ой ұстамды деген Нұрбайдың өзін сарсаңға салып әбден болдыртып, ақыры дау иесі Дәулетті сайысқа шақырып еді. Б.Мом.