Posted in

ДАУЫС КӨТЕРДІ

Ұрсып берді, айқай шығарды, жекіді. ~ Найманқұлдың қамшысы әлгілердің арқасында ойнады. — Көздеріңе неге қарамайсыңдар! Азаматты өлтірдіңдер! Сендер! Еке- е- еуі- ің! Хайролла дауыс көтерді. — Жә! Өлген адамды бәрібір тірілте алмайсың. Тоқтат! С.Смат. ~ Бірақ төртінші рет үлеске түскен дестесі мардымсыз боп шыққанда, Кузьма шал қайтадан қыңырайып шыға келді. Балаларына тиісіп дауыс көтерді. Б.Мом. ~ Апанастың бұйрығымен содан көш кешке дейін құдық басыңда іркілді. Оққа ұшқандардың ішінде біреудің баласы, біреудің әкесі, біреудің бауыры табылып, онсыз да жүрегі жаралы ауыл у-шу азалы дауыс көтерді. С.Ел.