Posted in

ДАУЫСҚА САЛДЫ

А) Әлдебір мәселені (ұсынысты) жақтастар мен қарсыластардың санын анықтау арқылы шешті. ~ Кәне, осыны дауысқа саламын. Біз айтайық дегендерің қолдарыңды көтер біреу, екеу… жоқ. Өздері сөйлесін дегендерің қол көтер… төртеу, бесеу… өзіммен көпшілік. Сонымен сөз өздеріне берілетін болды. Ж.Айм. ~ «Тілді де полициямен ауыздық¬таймыз ба?!» Кейде ызың қайтып‚ сабасына түсетін сәттері де болады. — Қане‚ ұсынысты дауысқа салайық‚ – деді төраға қобалжи қарап. Қ.Түм.

Ә) Айғайға басты. ~ Қызық көргені ме, әлде бас айналдырғандай азан– қазан шудан сасқаны ма, Тұржан сол оңды– солды қамшысын сілтелеген күйде: − Мыналар қайтеді, ей?! А- а- а…– деп аузын аша күлген. Тау-тас әлгі күлкіні қағып ап ондаған дауысқа салып: «А-а-а-а»… жаңғырыға жөнелген. Өз даусының жаңғырығына өзі таңданғандай Тұржан қайталай күлген, тау-тас та ондаған дауысқа салып қайталап берді. С.Мұр.