Әлденеге алаңдап, берекесі кетті. ~ Тіп–тік өрге көктөбел тікіректеп шыққанша тайған мен тазы тас обаның тасасына түсіп кеткен. Дем арада дегбірінен айырылып, әбден еліріп алған Ерсуанның көзі шоқының ұшар басына шыққанда “қайда–лаған” көңілмен көпке дейін ештеңе көрмей қалған. Н.Дәу. ~ Шешем марқұм тірі болса осы бөлмеде кірпік ілместен мені күтіп отырар еді, мен оған Айя туралы айтқанымда әрі қуанып, әрі толқыған анам тіпті дегбірінен айрылып, ертесіне құрбыларына ұлының көп ұзамай келіншек әкелетіні жайлы сыр ғып айтар еді», деп ойлады ертеңгі жұмысқа киімдерін әзірлеп жатып. Ж.Шам.
