Posted in

ДЕЛЕБЕСІ ҚОЗДЫ

Шабыттанды; қаны қызды; әуейліенді, әуестігі оянды; желікті. * Бірақ онымен де не кегі бітеді? Мамырбайды шығындатқандай бірдеңе табу керек қой. Қалай шығындату керек? Міне, бұл мәселе — мәселенің қиыны болды. Қатыны келіп қыздың сұлулығын мақтағанда, өзінің жаман делебесі де қозды. Бірақ «Бозінгеннен» асар қауқар қайда? Ж.Айм. * Домбыраның дыбысын байқады. Бабында екен. Делебесі қозып, көңілдене желпінді. Шабыт шақырғандай ойнақы, арынды бір желдірме күйді құйқылжытты. Қ.Тол.