Ықыласын аударды, әлдебір іске кірісті, назар салды, көңіл қойды, назар аударды. ~ Ақырына жеткеміз жоқ, әйткенмен, дендеп қалғанымыз анық. Енді ұзатпай, ғұмыр бойы көкейде тұнған және бар бедері айқын, ұмытылмас балалық шақ туралы жазбаларға уақыт бөлу қажетіне ден қойдық. М.Мағ. * Қараса «осы түріммен мені қандай қыз менсінбес екен. Мен баяғы байдың аулының баласы емеспін бе? Мені білмейтін бұл өңірде ел бар ма? Маған тиген қыздың арманы не?..» деп өзіне өзі ден қояды. Ж.Айм. * Бір жақсысы – соның көбіне ден қойып, бас қатырып жүрген Бөлебай жоқ. О.Сәр. * Адам, хайуан, табиғат, бәр-бәрі осы жоқтау зары үстінде бір үддеге ден қойып, тіл табысқандай. Ғ.Біл. * Үйге келсе малын жайғап, ыдыс- аяқты жуып, сонау солдаттық өмірден кейін тосырқап үлгерген тірлігіне ден қойған… М.Сүн. ~ Әбді-Жәміл Нүрпейіс шытырман оқиғадан гөрі әлеуметтік шындыққа айрықша ден қояды. А.Сей.
