Posted in

ДЕРТ САЛДЫ

а) Махаббат отын лаулатты. ~ Жылап отырып салған әнінің қайырмасын зарығулы ырғаққа қосып: «Мен сорлыға жез таңдай, «Пері» жігіт — көз маңдай… Бір көрініп дерт салды Ерін қандай, көз қандай» — дегенін әлгі қыз қайта-қайта айтқызып, әнімен қоса жаттап алып қайтады да, сонша сырды ішіне сыйғыза алмай ол өзінің бір құрбы қызына сыбырлап жеткізеді. Ж.Ахм. ~ Алтын тақыт, кең сарай, Онсыз маған керек жоқ. Дерт салды маған бір сурет, Сыртта – жалын, ішім – шоқ. “Сейпілмәлік”.
ә) Күйіндірді, қайғыға бөледі, науқас қылды. ~ Раушан. Айып етпеңіздер. Мен ешкімнің ошағына өрт, өзегіне дерт салайын деп келгенім жоқ. Бала өзімдікі. (Бекенді көрсетіп.) Міне әкесі, ауылда да әкесі, шешесі бар. Қ.Мұх.