Айна-қатесіз, дәл тапты. * Осы жолы дәл үстінен түстіңіз, – деп бойжеткен … О.Сәрс. * Дәл үстінен түстің!—деді Моисей, — жиырма сегіздемін. І.Ес. * Дәл үстінен түстің ! – деді Алатай, Асқардың кім екенін білмесе де,– нақ соның өзі! С.Мұқ. * Міне, міне, менің ойымның дәл үстінен түстің. Жүр інім. Енді жаман ағаңның бау-бақшасын аралап көр. С.Ом. * Miнe, міне, ей, ішіңді ұрайын, осы емес пе еді көңілімде сайраған. Тап үстінен түстің, бәсе… С.Жүн.
