Posted in

ДӘМІН ЖАСАДЫ (ДАЙЫНДАДЫ)

Ас әзірледі. ~ Орыс екені, қазақ екені белгісіз, еркекше шалбар киіп алған әп-әдемі талдырмаш келіншек шүлдір-шүлдір етеді. Дәмін жасап, арақ-шарабына дейін самсатып, стол үстін әзірлеп қойыпты. Т.Әбд. ~ Алла-тағаланың құдіретінде шек бар ма, баяғыда Айтыбай жалғыз қойын сойып, дәмін дайындап қойып шақырғанда ауыз тиіп кетуге ерінген Естөре енді Айтыбайдың табалдырығынан аттай алмай мүсәпір болып тұр. Т.Әбд.