а) Тағамның дәмін көрді, ащы-тұщысын ажыратты; астан ауыз тиді. ~ Тек осыдан кейін ғана: – Біссіміллә!..— деп бүлдіргеннен аузына салды. Маңдайына сап, дәмін алып сора тұрып, көпірдің тіреулеріне ұзақ қарады. Ә.Әл. ~ Әлден уақытта Түгелбай орта шелек қоймалжың, сары суды тартып шығарды да алдымен өзі саусақ ұшымен жалап дәмін көрді. Б.Тоғ.
ә) Құнын айырды, мән-мағынасын түйсіктеді; басынан өткерді; атқарып көрді. ~ Шынында да, өзінің махаббаттың да, сағыныштың да дәмін татып көрмеген жалғыз жүрегін қайда алып барады бұл жігіт? Қалай алып қайтады оны? М.Кәрім. ~ Айтшы өзің, өмір тек жақсылықтан, қуаныштан, ізгіліктен тұруы мүмкін емес қой?! Ащының дәмін татпасаң, тәттіні қалай білмексің? Ә.Ысқ. ~ Асқан ақыл-парасатының арқасында биліктің де дәмін татты. М.Рам. ~ Әрине, көшірге ме немесе ауылдың бір шаруа жігітіне күйеуге берер, бірақ, сіздің махаббатыңыздың дәмін алған ол, енді ешқашан ол сені сүйе алмайтын болады, өзін де, өзінің күйеуін де жек көріп өтеді. О.Уай.
