Posted in

ДОДАҒА САЛДЫ

Дау-дамайға итермеледі, басын саудаға салды. ~ Тіліміздің статусын додаға салған мынау заманда, орыстың он сөзіне жүйрік, кеңсе тілін орыс тіліне балап, қазақ тіліне шекесінен қарайтын иісі қазақ шала шүршіттердің де, қазақша тіл сындырамын деген орыс жұртына да таптырмайтын оқу құралы болар еді- ау!.. Қ.Ысқ. ~ Берсең айттым датымды, Ел біліп қалсын затымды. Олжа да болса әйел зат Додаға салма қатынды. Суға да түсіп жоқ болмай, Келіппін ер деп батырды. “Жәнібек б.” ~ Мылтықбайдың да‚ Дәріжанның да от алып жүргені‚ өздері тасада тұрып сені додаға салмақшы. Қ.Түм.