Көп өрім, жуан, соққысы ауыр қамшы. ~ Таспадан өретін қамшы екі түрлі: атты қатты ұрмай демеп қана отыратын үш-төрт таспадан өретін төрт өрім қамшыны «шобыртқы», әлденеше таспадан өретін қамшыны «дойыр» дейді. Таспа саны жиырма төртке дейін баратын дойырдың ішіне қорғасыннан өзек салады. Балуан Шолақта сондай бір дойыр қамшы болған екен,— деседі жұрт. С.Мұқ. * Қорғасын өзекті дойыр қамшының басына қалай сарт етіп тигенін білмей қалды. Теңселіп сәл-пәл тұрды да кескен теректей құлап түсті. Б.Тоғ. * Орыс қамалынан Кенесары әскеріне қарсы зеңбірек пен мылтықтан оқ жауды. Ал Кенесары әскерінің қаруы – найза, қылыш, дойыр қамшы… Ш.Мұр.
