Posted in

ДОЛЫ ҚАТЫН

Дөкір мінезді, ашушаң, көк бет әйел. ~ Көздің жасы деген не, тәңірі. Долы қатындардың көзінен бырт–бырт шыға беретін су ғой. Әй, сонда да ақ шашты, ақ сақалды шалдың көз жасынан қорықса болады». Ш.Мұр. ~ Су ішкісі келіп мойнын соза ұмтылғанмен алдын кес– кестеп қуа берген ұрғашыдан үркіп түйелер астауға жолай алмаған. Бұның бәрін сыртынан көріп тұрған Сақар әйелінің кесірлігіне кейіп, «қой» десе де, көк долы қатын қоймаған. Ү.Жәл.