Posted in

ДӨҢ ҚАБАҚ (ҚАБАҚТЫ)

Күдірейген, алға шығыңқы қалың қабақ. ~ Жігіттің есімі Артур екен. Көркіне көз тоярдай тұлғалы. Қою қастарының ара¬сы жіңішкеріп қосылған, дөң қабақ, қыр мұрын. Қоңырқай көздері жылы. Т.Сәу. ~ Жұптасып сайысқа түскен оншақты күйшінің ақырында екеуі алға шықты оқшауланып. Соның бірі – осы Өтеш. Дөң қабақ, құс тұмсық, қалақшадай ғана қара жігіт. Қолының буыны жоқ. Т.Сәу. ~ Ішімнен сезем, ер мінезіне қоса ожарлығы да баршылық. Оның кеуделі, кең иықты келген сом тұлғасына да көз тойғандай, бет бітімі де кесек — дөң қабақты, үлкен қыр мұрынды, бет сүйегі кең болғанмен өңі өткір. Т.Ахт.