Улап-шулады, гуледі, дабырлап сөйлесті, азан-қазан шу көтерді. ~ Сабыр етіңдер! Болысқа айтайық! Айтқандарыңды істейік,— деп, топты тоқтатып болыс үйіне кетті. Жігіттер желдей гулейді, судай толқиды, ду-ду етеді. Ж.Айм. ~ … жұрт қоғадай жапырыла, аса бір мол қызулы күлкі аралас дырдумен ду-ду етіп: — Еһе, еһе! — десіп, құлақтарын тоса түріп, қызығына қана алмай тыңдасады. Ж.Ахм. ~ Көруші халық бөлмеге сыймайды. Артистер бір сөз айтса, көрермендер бір сөз жал¬ғап айтып, ду-ду етеді. Бұл кеш менің есімнен кетпестей¬ болып сақталған еді. Б.Соқ. ~ Марқа дегенің сол ерте туған қозы ғой. Жаз басталысымен марқа сойып, масайрап, ду-ду болып жатпаушы ма едік. К.Қаз.
Жүзі жанып, бетіне қан жүгірді. ~ …бірге өскен Бәтиманы ар жетіп әйелдікке алу деген сұмдық пиғылдан екі бетім ду-ду етіп, қанымды сыртқа тепкен сол ұят сезімімді баса алмай-ақ қойдым. Т.Әбд. ~ Еламан жүгіре жөнелді. Қара торы беті ду-ду жанып, үлкен көзі ұшқындап алған. Ә.Нұрп.
