Posted in

ДҮМ КӨРСЕТТІ

Қайрат қылды, сес көрсетті. ~ Тамырын тереңге жіберген кәрі емен оңайшылықпен жығылсын ба, жоғарыдағы ағайын-туған өре тұрып дүм көрсеткен соң, амалсыз тоқтаған. Т.Сәу. ~ Қазір әр рудан Керімбайға дүм көрсететіндер, аяқтан шалып, арыз жазатындар шыға бастаған. Ши– амбы тірі тұрғанда, Керімбайды алатын жау жоқ, әрине. Қ.Жұм.