Өмірдің бар қызығын көрді. * Алты алашқа әйгілі Сағынай қарттың екі дүниеде арманы жоқ. Тірісінде еш кемшілік көрмей, дүниені шайқап өтті. С.Жүн. * Сонда ғана Ғазиз Құлтанович өзін жалғанды жалпағынан басып, дүниені шайқап өту үшін туған құдірет иесі тұтып, анау етегін сүйіп, етігін жалап, жорғалап жатқандардың тағдырын тышқан етіп ойнайтын. С.Смат. * Өткен өміріме өкінбеймін. Кезінде дүниені шайқап өттім десем, асылық болар, шайқалған өмірді байқап өттім. С.Жүн.
