Posted in

ДҮНИЕНІҢ БӘРІН ҰМЫТТЫ

Басқа ештеңеге еш көңіл аудармады д.м. ~ Дәмді тағам келгенде, дүниенің бәрін ұмытқандай Қараман буы бұрқыраған жас етке сұғына кірісіп еді. А.Сей. ~ Екеуі біраз уақыт үндемеді. Әлгінде ғана Айтқұл дүниенің бәрін ұмытып ызадан жарылатын қалде еді, бірте-бірте ашуы тарқап өз-өзіне келе бастады. Б.Тоғ. ~ Таныды да, дүниенің бәрін ұмытып нәрестедей елбіреп, құшағын жая ұмтылды. А.Сей.