Әлдебір дыбыс естілді; * Дүбір басылды, бірақ аттылар көрінбейді, шамасы өзен жағасындағы жарқабаққа жасырынған болу керек. Әлден уақытта зираттың екінші қабатынан дыбыс білінді. Т.Әбд. * Қостың есігінен ептеп сығалайды. Қараңғыда бірдеңе қараң еткендей болады. Бірақ дыбыс білінбейді. Қорыққанға қос көрінген шығар деп жориды. Ж.Айм. * Жым-жырт… Сәлден соң түймені қайта басты да, ішке құлақ тосты… Әлдебір қуыстан күңгірлеп сөйлеген радионың даусынан басқа тырс еткен дыбыс білінбейді. Д.Әш.
Әлдебір хабар жетті. * Есеңгіреген жұрт енді ғана ес жия бастаған. Ауылда қалған үлкен-кіші қораның ортасында тұрып – тұрып жуық арада дыбыс біліне қоймаған соң, «ойпыр-ай, мұндай да сұмдық болады екен!» десіп, үйге қарай беттеді Дәнеш пен Жұмаш қана сыртта тұрып қалған. Қ.Жұм.
