Posted in

ЕБІ ҚАШТЫ (КЕТТІ)

Икемінен айрылды. ~ Терезе алдына келген атам мені ыммен шақырды. Басымнан сипап тұрды да, терезе жақтауындағы сабақтаулы инені алып, ебі қашып дірілдеген қолымен әлгі қауырсында омырауыма қадап берді. Ж.Шәк. * Күстеніп, суықтан қарақошқылдана жарылған қолының әбден ебі қашқан ба; хатты қаудырлата, бірден аша алмай әлек. М.Сүн. ~ Әупіріммен сырыққа жетіп, ебі қашып дірілдей қалған саусақтарыммен жалау жібін шаужайлап өзіме тарттым. М.Қаб. * Жүрегім лүп- лүп етеді. Бір түрлі… Қолымның ебі де қашқандай ма, қалай?! — Өй, мынаның есі шығып кетті ғой. Кәне, маған берші… М.Сүн. * Күйшілер, пианистер, күндегісін-күнде қолым ісінбесінші деп жаттығады. Сенде ол жоқ. Есіңде болсын, хирургке де сол жаттығу ауадай қажет. Оның да қолы ісінеді, ебі кетеді. М.Сүнд.