Posted in

ЕБІН ТАППАҒАН ТҰЗ ЖАЛАЙДЫ

Әлде бірдеңенін орайын келтіре алмаған өкініп қалады д.м. * Неге кетпексің, соныңды айтшы? Ебін таппаған тұз жалайды дегендей, Өмірбек жоқты сылтау етті. С.Шай. ~ Мезгіл ойлана отырып қалды. Қолайсыз сұрақ қойып ренжітіп алдым ба деп менде де маза жоқ. «Өзі айтса айтты, айтпаса не шаруам бар еді қазбалап?!» – деп өкінемін. Ебін таппаған тұз жалайдының кері болып, сасқанымнан терезеге қараймын. Манағыдай емес, жер бедері де өзгерген. С.Шай.