Posted in

ЕГДЕ ТАРТТЫ

Жасы біразға келіп қалған, қартая бастаған адам туралы.

Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей, егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей. М-М.

Бұл көштің айналасын қоршаған аттылар көп, барлығы да әйелдер. Өңшең сәнді киінген қыз-келіншек пен егде тартқан бәйбішелер. М.Әуез. * Арада көп те өткен жоқ, егде тартқан толық кiсi кiрiп келдi. Р.Райым. * Інім Қалкен енді ер жетіп биыл отызға шығып отыр, Асыл, Ақық ерге шығып, балалы-шағалы болып кезінде егде тартып қайтыс болған. Е.Байб.