Posted in

ЕГІЗ ҚОЗЫДАЙ ЖАРАСТЫ (ЖАРАСЫМДЫ)

Қаз-қатар жарасымды өмір сүрді. ~ Бұрындар қарындас ретінде сыйлайтын жан енді туған жеңгесі болып шыққан соң арадағы сыйластық арта түспей қайтсін?! Бақша шөптесе де, құдықтан су тартса да, басқа да шаруа істесе де, екеуі егіз қозыдай жарасып, шүңкілдесе әңгімелесіп жүргендері. Оның үстіне екеуі де әнқұмар. АҚ. “Әкем болса…” ~ Бөле, ау бөле! Шыныңды айтшы қалыңдығың біздің Рақиядан сұлу ма?- деп менен жауап күткендей күлімсірей қарады. – Ой, Рақияның сұлулығы әйел баласының көбіне беріле бермейтін келбет қой. Екеуің егіз қозыдай бір-біріңе жарасымдысыңдар. АҚ “Тағдыр”.