Солқылдап, ұзақ, зарлана жылады. * Іштегі әйелдердің бірі жүгіріп шығып, «ұлды болдың, сүйінші» дегенде Дембай әлгі әйелді қалбалақтап кеп құшақтай алыпты да, мойнына асылып емірене егіліп жылапты. Б.Мом. * Шегір көзінен жаңбыр жаумайтын қу мекиен шөлдегідей тамшы жас тамбағанмен, жылқышы ата жаны егіліп жылап тұрғанын біле қойды. А.Кем. * Бұрышта бір талды құшақтап тұрып, ел аяғы саябырда егіліп тұрып жылады. Өзегі өртеніп, қолқасы суырылып барады. К.Қаз.
