Көп ойланбады, шұғыл қимылдады. * Асқар екі сөзге келе алмады, бір жаққа жұмсалған балаша қалбалақтап орнынан тұрып, ешкімнің бетіне қарай алмай, бұрынғы кербез жүрісіне ұқсамайтын басқа бір жүріспен есікке қарай жорғалай жөнелді. Т.Әбд. * Денесі қол тоқпақтай бола тұра, ол төбелескіш те, сабағыш та. Екі сөзге келмей кім көрінгеннің үстіне міне түседі де, жатып тұрып төмпештейді. С.Мұқ. ~… зәрін шашып отырған Мамозы екен. Екі ауыз сөзге келген жоқ. Қасындағы сарала қынапты жендеттерге бірдеңе деп балдырлап қалып еді, екеуі талаған иттей екі жағымнан керіп, ет – бетімнен түсірді де, киімімді басыма қарай түре берді. Ж.Ахм.
