Posted in

ЕКІ АЙффТҚЫЗБАДЫ (АЙТТЫРМАДЫ)

Айтқан сөзін қағып алды; айтқанын екі етпей, бірден орындады. ~ Оралбектің бұл қылығына Тазабек дән риза болды: ойын екі айтқызбай ұға қойды. Ана бәлеге тартып кете ме деген құпия күдігін оның осындай қылығы үнемі жуып-шайып кетеді. Б.Нұрж. ~ Күнқағары бар қалпақ киген баланы «кәпір болдың» деп қуалап жүріп ұратын Күлжәмила анау украин шалы Остаппен де шүйіркелесіп кетті. Қираған кесесін, тесілген табағы мен шелегін екі айтқызбай жамап береді. К.Қаз. ~ Давай, бұзақылықты доғар! Айтқанды істе! — деді Асан шолақ бұйырып. Арық қара, талдырмаш көрінгенімен өңі сұсты, ашуы қатты еді Асанның. Ждақай майпаңдап сала берді. — Құп, аға, құп! Қасқа Ждақай екі айттырмайды ғой! С.Ел.