Posted in

ЕКІ ДАЙ (БОЛДЫ)

Бір-біріне қарама-қарсы екі жақ, екі бөлек. ~ … Келдібекті өлтіріп, билікті өз қолдарына алуды ойлады. Осылай Келдібек Ордасында да қайтадан екі дай талас басталып кетті. І.Ес. ~ Жолай Өнештің бойында екі дай сезім болды: бірі дүниеге кенеле түсетін қуаныш, біреуі бәрібір қылт-қылт еткен қорқыныш. Н.Дәу. ~ Онда жаңағы жерде сол міндеттеріңізді неге атқармадыңыздар? Қазақтар екі дай боп дауласып жатқанда, бір сөз айтпай шығып кеткендерің не? Әділдік айтып, жөнсіз кеткендерді түзейтін сіздер емессіздер ме? С.Жүн.