Posted in

ЕКІ ЖАҚТАН

Екі бүйірден қосарлана әрекет ету туралы. * … Сібірден де, Орынбордан да әскер шығып ғазаватшыларды екі жақтан да қыспаққа алды да, олар Торғай, Ырғыз жағына ауады. С.Мұқ. * Сылтау табылды. Енді осыны пайдалану керек. Сен – «жаубасарлап», мен – «ұшпайлап» екі жақтан ұран шақырсақ, Керей, Уақтың сойыл соғар еркегінен атқа қонбаған жан қалмайды. С.Мұқ. * Керімбек пен Абдолла екі жақтан айғайлап жеткенше бұның басынан тымағы да ұшып түскен. Бет-аузын, маңдайын демде қан жауып бара жатты. Ж.Ахм.