Posted in

ЕКІ ЖАСТЫҢ БІРІНЕ КЕЛДІ (БІРІН ЖАСАДЫ)

Әлі жас д.м. ~ Тегінде ел билігін, халық тағдырын осындай білікті жастарға тапсыратын уақыт туған екен. Егер қазірден бастап етегінен тартып, шаужайына жармаса берсек, өз– өзінен мүжіліп, екі жастың біріне келмей шау тартар, өзін– өзі өшіріп шаршап қалар. ~ Диплом жұмысым да атырау бойына салынар ақтау деген қаланың архитектурасы болды. Еңбегім еш кеткен жоқ, екі жастың біріне келмей жатып– ақ атағымды аспаннан бір– ақ шығарды. Өмірге жаңа қала келді… О.Бөк. ~ Екі жастың біріне енді келіп, «Жер ортасы – көктөбе» деп аталатын орта жастан жаңа ауған шағы емес. Ғ.Біл. * О заман да, бұ заман, әке тұрғанда, қатарластары тұңғыштарының аты түгілі затын иемденуге қымсынатын еді ғой күні кеше. Екі жастың бірін жасамай бүгінгілер неткен өзімшіл, неткен пысық. Д.Әш.